"Канело" мен Джейкобске жекпе-жек үшін төленетін гонорар көлемі ресми жарияланды

Қазақстан астанасының уақытымен кездесу ертең таңертең өтеді.

Неада штатының атлетикалық комиссиясы орта салмақта WBC, WBA (Super) Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) және IBF белбеуіне ие америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) алатын кепілді гонорарды ресми жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, "Канелоға" бұл жекпе-жек үшін 35 миллион доллар, ал Джейкобске 2,5 миллион төленеді. Сонымен бірге, америкалық DAZN-мен келісімшарт бойынша он миллионннан артық алатыны айтылып жатыр.

Мексикалықтың бұл жекпе-жектен жалпы табысы 37,5 миллион долларға жуықтайды екен.

Еске салайық, Альварес - Джейкобс жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болады. Головкин мен Альварес те дәл осы аренада екі рет жұдырықтасқан: алғашқысында тең түсті, ал қарымтада мексикалық төрешілер шешімімен жеңді. 

Қазақстан астанасының уақытымен кездесу 5 мамыр таңғысын өтеді.


  0