Геннадий Головкин "Канело" - Джейкобс жекпе-жегін тамашаламақ

Қазақстандықтың бұрынғы қарсыластары Лас-Вегаста жұдырықтасады.

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) үш чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасатын мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалауға барады. Бұл туралы мексикалық ірі El Universal газеті хабарлап отыр.

Алдағы жекпе-жекте боксшылар бұрын Головкинде болған белбеулерді алғаш рет қорғайды: Альварес WBC және WBA (Super), ал Джейкобс - IBF.

El Universal мәліметінше, Головкин Альварестің қандай қалыпта екенін көргісі келеді. Басылым мексикалықтың сөзіне қарамастан трилогияның қыркүйекте өту ықтималдығы жоғары. 

Наурызда Абель Санчес, ол кезде Головкиннің бапкері болған, қазақстандықтың Альварес - Джейкобс жекпе-жегін барып тамашаламайтынын айтқан еді. Сәуір аяғында GGG тоғыз жылдан кейін Санчеспен жаттығуын тоқтататынын мәлімдеген болатын.  

Альварес - Джейкобс жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болады. Қазақстан астанасының уақытымен кездесу 5 мамыр таңғысын өтеді. 


  0