"Канело" көзге тік қарау рәсімінде Джейкобсты боқтап жіберді

Боксшылар жанжалдасып қалды.

Орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) жекпе-жек алдында IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) көзге тік ақарасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, осыдан кейін көздеріне тік қарасты. Ал бірнеше секундтан кейін жанжал басталды. 

"Ол қорқып тұр, бұл шынайы қорқыныш. Мен дайынмын, ертең жеңеміз. Ол титулдарды алып кете алмайды, бірақ, тым құрыса тырысады деп үмітенем. Бір дүниені испан тілінде айтайын, мексикалықтар түсіну үшін: "¡Que chingue a su madre", - деді Альварес.

Альварестің айтқанын төте аударуға келмейді, алайда, ол шамамен - "Бұл сүмелектің шаруасы бітті, шешешсін...".



  0