Ирандық боксшы хиджабсыз жұдырықтасқаны үшін сотталуы мүмкін

Ол бапкерінң ер адам болғанына байланысты да жазаланады.

Ирандық боксшы әйел Садаф Хадем рингке хиджабсыз шыққаны үшін түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды AllBoxing.ru.

Сондай-ақ таяу шығыстың БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оның бапкері ер адам болғаны үшін де Садаф Хадем жазалануы мүмкін.



Иранның әуесқой бокс федерациясы бұл кикілжіңге араласпауды жөн санаған екен. Ұйымның басшысы Садаф Хадемның федерацияда тіркелмегенін, тек өз атынан жұдырықтасып жүргенін хабарлаған. Боксшы мен оның бапкері Францияда саяси пана сұраған. Онда боксшы қыз турнирге шыққан. Олардың Иранға оралатын ойлары жоқ екен.

Тег:



  0