"Үнемі қиындықтары болатын". Төрт салмақтағы экс-чемпион "Канелоның" осал тұстарын атады

Ол жеңімпаздың кім болатынын да айтты.

Төрт салмақта бұрынғы әлем чемпионы Майки Гарсия (39-1, 30 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2 35 КО) және америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалауға баратынын айтады, - деп хабарлайды vringe.com.

Гарсианың ойынша, Альварес қарсыласын оңайшылықпен жеңе алмайтды. 

- Бұл жақсы жекпе-жек. Бәрі "Канело" Джейкобсты нокаутқа түсіре ма деп сұрайды. Бірақ Дэнни жақсы боксшы, ол "Канелоға" айтарлықтай қиындықтар тудырады. "Канело" теңдей жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңеді. Джейкобс тосын дүние жасауы мүмкін, оған таңданбас едім. Ол өте мықты боксшы. Ол ірі, күшті және жұдырықтаса алады. "Канелода" үнемі қозғалатын және жұдырықтасатын боксшылармен қиындықтар болатын. Кім жеңетінін білмеймін, бірақ, "Канело" шығар дегенге жақынмын". 

- Жекпе-жекте боласыз ба?

- Иә, жұмада салмақ өлшеуде, ал сенбіде - бокс жәрмеңкесі мен жекпе-жекте.

Еске салайық, Альварес - Джейкобс кездесуі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Қазақстан астанасының уақытымен жекпе-жек 5 мамыр таңғысын басталады.


  0