Головкин иеленген үш чемпиондық белбеу үшін "Канело" - Джейкобс жекпе-жегін Қазақстанда тамашалау жолы

Жекпе-жек алдағы демалыста өтеді.

Қазақстанның телеарналары орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварес (51-1-2 35 КО) пен IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобстың (35-2, 29 КО) жекпе-жекгін көрсетпейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесу 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Қазақстан астанасының уақытымен жекпе-жек 5 мамыр таңғысын басталады. 

АҚШ, Австрия, Германия, Жапония, Канада, Италия, Испания және Бразилияда Альварес - Джейкобс жекпе-жегін DAZN стриминг қызметі трансляциялайды, Латын Америкасы елдерінің көбінде - Space арнасы, Мексикада - Azteka TV, ал Ұлыбританияда - Sky Sports.

Альварес - Джейкобс жекпе-жегі басталардан бірнеше сағат бұрын Vesti.kz сайтында сілтемелер қолжетімді болады.

Алдағы жекпе-жекте Альварес және Джейкобс чемпиондықтарын алғаш рет қорғайды, бұған дейін бұл белбеулер Геннадий Головкинде (38-1-1, 34 КО) болған.


  0