"DAZN не қалайтынын білем, бірақ...". Джейкобстың промоутері Головкин-"Канело" жекпе-жегіне кедергі ойластырды

Боксшылар ң мамырда жұдырықтасады.

Орта салмақта IBF чемпионы Дэниэл Джейкобстың (35-2, 29 КО) промоутері Эдди Хирн америкалық боксшы алдағы жекпе-жекте WBC, WBA (Super) белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (51-1-2, 35 КО) жеңетініе сенеді.

Олардың жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

"DAZN жеңісті қалайтынын білемін. DAZN сіздер мықтысыздар, бірақ, сенбіде сендердің жоспарларың іске аспайды. Джейкобс жеңсе, DAZN қыркүйекке жоспарлаған жекпе-жектері өтпейді", - деп келтіреді промоутердің сөзін BadLeftHook.com.

Осылайша, промоутер "Канеломен" қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы трилогияны меңзеп отыр. Хирннің ойынша, бұл кездесу өтпейді. 

"Келісімшартта (Джейкобспен) "Канелода" қарымта мүмкіндігі бары көрсетілген, оған бұл мүмкіндік өте қажет болады", - дейді Хирн Fighthype басылымына берген сұхбтында.


  0