"Канеломен" жекпе-жек үшін Джейкобс карьерасындағы ең үлкен гонорар алады

Бұл кездесуге бұрын Головкинге тиесілі болған белбеулер тігіледі.

Орта салмақта IBF чемпионы амеркиалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) WBC және WBA (Super) белбеулеріне ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жекпе-жек үшін карьерасындағы ең үлкен гонорар алады.

Marca Mexico басылымының Los Angeles Times газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Джейкобстың қалтасына 10,5 миллион доллардай түседі. Бұл украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңгенде алған -1,5 миллионнан тура жеті есе көп. 

Ал алдағы жекпе-жекте Альварес қанша алатыны белгісіз, дегенмен, қазан айында ол DAZN стриминг қызметімен рекордты 365 миллион долларға келісімшарт жасасқан, бұл - 11 жекпе-жекке төленетіні.

Альварес - Джейкобс жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да чемпиондықтарын алғаш рет қорғайды. 


  0