Әлімханұлы WBC және WBO титулдары үшін жекпе-жекте жарақат алған

Қазақстандық қарсыласын жеңді.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) соңғы жекпе-жегінде жарақаттанып қалған. Бұл туралы спортшының өзі ESPN арнасына берген сұхбатында айтты. 

25 жастағы Әлімханұлы 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасты. Қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болды. Жекпе-жек толық он раунда өтіп, Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін иеленді.

"Ол жекпе-жекте оң иығымды жарақаттадым, бірақ, бұл баға жетпес тәжірибе болды. Маған керегі осы еді", - дейді Әлімханұлы.

Әлімханұлы осымен алтыншы жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр. АҚШ-та ол 2018 жылдың сәуірінде жұдырықтаса бастап, бұл елде төрт кездесу өткізді. Ал Оливас бесінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, оның 16 жеңісі бар.

Қазақстандық жұдырықтасқан кештің басты оқиғасында жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британиялық Энтони Кролланы (34-6-3, 13 КО) нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Ломаченконың ісін де Top Rank компаниясы жүргізеді.



  0