WBA және WBO титулдарын қорғау үшін Ломаченконың қанша алатыны белгілі болды

Оның қарсыласы он есе аз алады.

Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы жеңіл салмақта WBA және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) мен чемпиондыққа үміткер британиялық Энтони Кролланың (34-6-3, 13 КО) гонрарларын жария етті, - деп хабарлайды vringe.com.

Осылайша, бұл жекпе-жек үшін Ломаченко 1,2 миллион доллар, ал Кролла 300 мың доллар алады.

Сонымен бірге, ESPN мәліметінше, украиналық 3,2 миллионнан кем алмайды екен.

Еске салайық, Ломаченко - Кролла жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 13 сәуірде Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өтеді. Бұл жекпе-жек андеркартында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) мексикалық Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасады.


  0