Әлімханұлының алғашқы титулды жекпе-жегіне тікелей трансляция

Ол WBO Global и WBC Continental белбеулері үшін жұдырықтасады.

Vesti.kz назарларыңызға орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (5-0, 2 КО) титулды жекпе-жегіне тікелей трансляцияны ұсынады. 

Қазақстан уақытымен жекпе-жек 13 сәуірде көрсетіледі, өтетін орны Лос-Анджелестегі Staples Center аренасы.

25 жастағы Әлімханұлының қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО).

Жекпе-жек жеңімпазы орта салмақта бос тұрған екі - WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін тиеленеді.

Тікелей трансляция 13 сәуір 07:00-де басталады. Жекпе-жекті бірден екі қазақстандық телеарна - QazSport және Qazaqstan трансляциялайды. Сонымен қатар, бұл кездесуді ресми сайттардан тамашалауға болады. 

№1 трансляцияға сілтеме

№2 трансляцияға сілтеме

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британиялық Энтони Кролламен (34-6-3, 13 КО) жұдырықтасады.


  0