Әлімханұлының WBC мен WBO белбеулері үшін жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Жекпе-жек 13 сәуірде көрсетіледі.

Орта салмақта жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлының (5-0, 2 КО) алғашқы титулды жекпе-жегі Қазақстанды тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы қазақстандық 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасады. Әлімханұлының қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО).

Бұл жекпе-жек жеңімпазы бірден екі -  WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін тағады.

"Қазақша стилдің не екенін көрсетем". Әлімханұлы бірден екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Тікелей трансляция астана уақытымен 13 сәуір таңғы 07:00-де басталады. Жекпе-жекті екі арна - QazSport мен Qazaqstan көрсетеді. 

Әлімханұлы жұдырықтасатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британиялық Энтони Кролламен (34-6-3, 13 КО) жұдырықтасады.

"Екі қолда екі белбеу, иықта көк ту". Әлімханұлы WBC және WBO белбеулері үшін жұдырықтасу жайлы


  0