"Қазақ сарбазы" неліктен карьерасында алғаш рет нокаутпен жеңбегені белгілі болды

Ол толық он раунд жұдырықтасты.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) карьерасында неліктен алғаш рет нокаутпен жеңбегені белгілі болды. 

Мәлімет көзінің Vesti.kz тілшісіне берген ақпараты бойынша, боксшы WBC белбеуі үшін индонезиялық Джон Рубамен (17-5-1, 9 КО) жекпе-жекке дайындық кезінде жарақат алып, сол күйде толық емдей алмаған. 

Жекпе-жек 24 наурыз Алматыда өткен болатын, он  раундты кездесу қорытындысы бойынша Ахмедов карьерасында алғаш рет төрешілер шешімімен жеңді. Алдыңғы жеті жекпе-жегін де қазақстандық нокаутпен аяқтаған.

"Астанадағы спарринг кезінде ол спарринг-серіктесінің шынтағына оң қолын ұрып алған. Сынық болған жоқ, дегенмен, айтарлықтай жарақат болды. Қолының жарақатын асқындырып алмас үшін оған он раунд жұдырықтасу нұсқауы берілді. алтыншы раундтан кейін ол жарақаты бар қолымен соққы жасамады", - дейді мәлімет беруші. 


  0