"Дивизион мықтыларымен жұдырықтаса алады". Америкалық маман қазақстандық боксшылар жайлы

Екі боксшы да төрешілер шешімімен жеңді.

Қазақстандық боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) пен Али Ахмедовтың (14-0, 10 КО) болашағы зор. Америкалық журналист және Fightnews.com басылымының инсайдері Мигель Ангель Марвилла Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікірі білдірді. 

Қазақстандықтар Голливудта өткен бокс кешінде төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Орта салмақтағы Нұрсұлтанов Пуэрто-Рико боксшысы Луис Эрнандестен (16-8, 9 КО), ал Ахмедов суперорта салмақағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Майк Гайдан (9-4-1, 5 КО) басым болды.

"Нұрсұлтанов өте жылдам боксшы. Соңғы жекпе-жегінде арсеналының тамаша екенін көрсетті және рингте өзін айтарлықтай жақсы сезінді. Ол Эгис Климастың болашағы үлкен активі. Біраз уақыттан кейін өзін көрсететін мүмкіндік алады. 

Ахмедовтың жаңа салмаққа ауысуы жақсы өтті. Бұл өте талантты жігіт, ол жеңіл категорияға икемделуі қажет. Жекпе-жегін сауатты өткізді деген ойдамын. Кей кемшіліктер бар, бірақ, бірінші жекпе-жек үшін көзге ілерлік емес. Қазір өз бабына келу керек, кейін дивизион мықтыларымен жұдырықтаса алады", - дейді Марвилла.

Айта кетейік, Ахмедовтың ісін GGG Promotions компаниясы жүргізеді. Ал Нұрсұлтанов Main Events промоутерлік компаниясы және белгілі менеджер Эгис Климаспен келісімшарт жасасқан. 


  0