Усик белбеуінен айырылуы мүмкін. WBA украиналықты чемпиондығын қорғауға міндеттеді

Ұйым промоутерлік сауда белгіледі.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші ауыр салмақта абсолют чемпион Александр Усикті ресейлік Денис Лебедевпен жекпе-жекке міндеттеді, - деп хабарлайды ESPN.

Бұл жекпе-жекке промоутерлік сауда 28 наурыз Панама-Ситидегі WBA кеңсесіне белгіленген. Келісімнің ең төменгі құны 400 000 доллар. Гонорарларды бөлу келесідей: Усик 75 пайызын алады, ал Лебедев - 25. 

Сонымен бірге, obozrevatel.com ақпаратынша, бұл жекпе-жектің өту ықтималдылығы өте төмен. Украиналық боксшы салмақ жинап, жоғары дивизионға өтпек. Усиктің командасы аса ауыр салмақтағы ресейлік Александр Поветкин өкілдерімен келіссөздер бастап қойғаны хабарланып отыр. 

Егер Усик және Лебедев жекпе-жегі өтпесе украиналық чемпион белбеуінен айырылады.


  0