"Қазақша стилдің не екенін көрсетем". Әлімханұлы бірден екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Қазақстандық қарсыласы 13 жекпе-жекті нокаутпен жеңген.

Орта салмақта жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) алғашқы титулды жекпе-жегіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы қазақстандық 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасады. Әлімханұлының қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО).

Бұл жекпе-жек жеңімпазы бірден екі -  WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін тағады.

"Бадди Макгиртпен барымды салып жаттығып жатырмын. Оливес мықты қарсылас екенін білем, ол алға ғана жүріп, тамаша жекпе-жек көрсетеді. Staples Center аренасында жұдырықтасу арманым орындалды, Лос-Анджелесте барлық жанкүйеріме керемет шоу тамашалатқым келеді. Бәріне қазақша стильдің қандай екенін көрсетемін", - деп келтіреді Әлімханұлының сөзін Top Rank/ESPN баспасөз хабарламасы. 


  0