Ауыр салмақтағы нокаутшы Головкин телесеріктесінің ұсынысын керек қылмады

Боксшы Фьюримен қарымтаны қалайтын сияқты.

Ауыр салмақта WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер DAZN стриминг қызметімен келісімшарттан бас тартты, - деп хабарлайды ESPN телеарнасы.

Өткен аптада боксшы мен командасының өкілдері DAZN жетекшілігімен кездескен болатын.

Телеарна ақпаратынша, DAZN Уайлдерге екі келісімшарттың бірін таңдауды ұсынған. БІріншісі - үш жекпе-жекке 100 миллион доллар: 20 миллион Доминик Бризилге қарсы, Энтони Джошуамен екі жекпе-жекке 40 миллионнан.

Головкиннің телесеріктесі Уайлдерге 100 миллион және Энтони Джошуамен жұдырықтасуды ұсынып отыр

Екіншісі - төрт жекпе-жекке 120 миллион доллар: Бризилге қарсы 20 миллион, Энтони Джошуамен 40 миллион, тағы бір аралық жекпе-жекке 20 миллион және Джошуамен екінші рет кездесуге 40 миллион.

Қазір Уайлдер Top Rank промоутерлік компнаиясы және ESPN-мен келіссөздер жүргізіп жатыр. Top Rank Деонтейге аралық жекпе-жекке 32,5 миллион доллар және Тайсон Фьюримен жұдырықтасуды ұсынып отырған көрінеді.

Еске салайық, Деонтей Уайлдер соңғы рет британиялық Тайсон Фьюримен жұдырықтасып, оны екі рет нокдаунға түсірді. Дегенмен төрешілер боксшылар тең түсті деген шешім шығарды. Бұған дейін Уайлдер 40 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен және 39 кездесуін нокаутпен аяқтаған еді. 


  0