Головкиннің жарнамалық келісімшарттардан түсетін жылдық табысы жарияланды

Ол ең атақты спортшылар тізіміне кірді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының атақты жүз спортшысының тізіміне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұрынғы тізіммен салыстырғанда GGG бірнеше саты құлдилаған - 61-ші орыннан 78-ге. 

Бұл рейтингті құруда спортшылардың жарнамалық табысы да есмепке алынды. Осылайша, Головкиннің жарнамадан жылына 2 миллион пайда көреді екен. 

Салыстыру үшін - мексикалық Сауль "Канело" Альварес бұл рейтингте 68-ші орында тұр, ал жарнамадан жылына 2,5 миллио доллар табыс көреді.

Бұл рейтингтің алғашқы үштігінде Криштиану Роналду, Леброн Джеймс және Лионель Месси. Мұндағы ең көп табыс америкалық баскетболшыда - 52 миллион.




  0