"Құйындай еді". Сарапшы Жүкембаевты сынға алды

Ол қазақстандықтың селқос жүргенін айтады.

Канадалық thefightcity.com порталының шолушысы Захари Алапи Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Батыр Джукембаевтың (15-0, 12 КО) он бесінші жеңісіне қатысты пікір білдірді. Сұхбат барысында ол қазақстандықтың неге селқос болғанын айтты.

Өткен демалысты Жүкембаев мексикалық Хилберто Месамен (10-6-1, 6 КО) сегіз раундты жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңді

"Батырда алты ай үзіліс болды. Eye of the Tiger компаниясымен қоштасуға жақын сияқты. Құйындай Жүкембаев Месамен жұдырықтасқанда сылбыр болды. Жеңіс анық, дегенмен, қарсыласына көп еркіндік берді. Мексикалық кей соққыларын өткізе алды. Бір жағынан Меса ыңғайсыз боксшы. Ол әрбір жекпе-жегінде қарсыластарына қолайсыздық тудырады. 

Жүкембаевқа не әсер еткенін айту қиын, бірақ, бұл жекпе-жекте ол әсер қалдырмады. Мүмкін өткен кездесудегі нокдаун мен промоутермен қатынастағы қиындықтаға байланысты селқос жүрген болар", - дейді Алапи. 

Айта кетейік, америкалық промоутерлер Жүкембаевқа қызығушылық танытқан болатын. Боксшының менеджері Анна Рева биылдан қалмай америкалық нарыққа шығу жоспары туралы мәлімдеді. 

Кәсіпқой карьерасын Жүкембаев 2015 жылдың қыркүйегінде бастаған, барлық жекпе-жегі Канададад өтті.

Батыр Жүкембаевтың қазақ бапкеріне Канадада қалу ұсынысы жасалды


  0