Қазақстандық "болашақ чемпионның" АҚШ-тағы келесі қарсыласы белгілі болды

Кездесу Hollywood Fight Nights шоуының аясында өтеді.

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Hollywood Fight Nights бокс кеші 24 наурыз Голливуд қаласында өтеді. Бұл кеште Нұрсұлтанов пуэрто-риколық Луис Эрнандеспен жұдырықтасады. Қазақстандық боксшының қарсыласы кәсіпқой рингте 24 кездесу өткізіп, 16 жеңіске жеткен және жеті рет жеңілген.

Айта кетейік, Эрнандес мұның алдында тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевпен жұдырықтасқан. Жекпе-жек Әшкеевтің жеңісімен аяқталды. 

Осы бокс кешінде Али Ахмедов те өнер көрсетеді. Қазақстандық нокаутшы Майк Гаймен (9-3-1, 5 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа есептелген және Ахмедов үшін суперорта салмақта алғашқы болады. 

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам сұхбаттарының бірінде Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтановтың аттары әлемге әйгілі болатынын айтқан. 

"Әлемді шулатады". Қанат Ислам Қазақстан атын шығаратын боксшыларды атады

Сонымен бірге, Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев те Нұрсұлтанов және Әшкеевті болашақ чемпиондар деп атаған еді. 

"Қазақ бауырлармен". Сергей Ковалев чемпион болатын қазақстандық боксшыларды көрсетті




  0