Top Rank-пен келісімшартқа отырған қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі белгіленді

Соңғы рет боксшы Астанада жұдырықтасқан.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой Асxат Уәлиxановтың (5-1, 2 КО) келесі жекпе-жегі 30 наурызға белгіленді.

Кездесу АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы пуэрто-риколық Хосе Лопес болмақ. Кәсіпқой рингте12 рет жұдырықтасқан (9 нгокаут), бір рет қана жеңілген екен. 

Еске салайық, былтыр тамызда Асхат Уәлиханов пен Сағадат Рахманқұлов 2017 жылы Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Уалиханов бес жекпе-жегін АҚШ-та өткізді, ал соңғы рет Астанада украиналық Ярослав Юровпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Тег:



  0