Мексикалық боксшы Елеусіновтен кейін Жүкембаевпен де жұдырықтасудан бас тартты

Батырға жедел түрде басқа қарсылас белгіленді.

Қазақстандық Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегіне екі күн қалғанда қарсыласы ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com сайтының ақпаратынша, Жүкембаев 16 наурызда мексикалық Хильберто Месамен (10-5-1, 6 КО) жұдырықтасатын болды. Мұның алдында өзге мексикалық - Карлос Хименес қарсылас ретінде жарияланған еді.

Айта кетейік, Хименес Батыр Жүкембаевқа дейін басқа қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусіновпен жұдырықтасу керек болатын.

Мұның алдында Хименес ресми түрде Елеусіновтің 15 наурыздағы жекпе-жегіне қарсылас ретінде аталған. Бокс кеші Американың Филадельфия қаласында өтеді. Алайда 22 ақпанда Eye of The Tiger промоутерлік компаниясы мексикалықтың 16 наурызда Канададның Квебек қаласында Батыр Жүкембаевпен жұдырықтасатынын хабарлады.

Жағдайға жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Хименесте визалық қиындықтар болған. Ол Елеусіновпен жұдырықтасу үшін АҚШ-қа кіруге виза ала алмаған. Осыдан кейін Eye of the Tiger Management оған Канадада Жүкембаевпен жұдырықтасуды ұсынған.

Осмылайша, Хименес екі қазақстандық боксшының ешқайсысымен жұдырықтаспайды.

АҚШ промоутерлері қазақстандық нокаутшы Жүкембаевқа қызығушылық танытты


  0