Елеусіновтің салмағы мексикалық қарсыласынан жеңіл болып шықты

Боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) және мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Елеусінов - 148,2 фунт, ал Ортис - 150,7. Қазақастандық боксшы қарсыласынан 1,134 келі жеңіл болып шықты - 67,222 және 68,356 келі. Жартылай орта салмақ лимиті 147 фунт (66,678 келі), алайда, титулды емес жекпе-жектерде салмақтан азырақ асуға тыйым салынбайды.


© Matchroom Boxing

Елеусінов - Ортис сегіз раундты жекпе-жегі Филадельфиядағы Liacouras Center аренасында өтетін бокс кешінің андеркартында өтеді. Бұл кештің басты оқиғасы жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы америкалық Тевин Фармер 28-4-1, 6 КО) мен ирландиялық Джоно Кэрролл (16-0-1, 3 КО) арасындағы жекпе-жек. Шоу DAZN стриминг қызметімен трансляцияланады.

Елеусінов пен Ортис жекпе-жегі Астана уақытымен 16 наурызда басталады. Кездесу Қазақстанды тікелей көрсетіледі.

28 жастағы Елеусінов үшін 36 жастағы Ортиспен кездесу 2019 жылдағы алғашқы болады. Қазақстандық боксшы 2017 жылы кәсіпқойға өтіп, екі реттен АҚШ пен Ұлыбританияда, тағы бір рет Монакода жұдырықтасты. 


  0