Батыр Жүкембаевтың қазақ бапкеріне Канадада қалу ұсынысы жасалды

Шетелдіктер маманның кәсібилігін бағалап отыр.

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (14-0, 12 КО) бапкері Қанат Алтаевқа Канадада қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының командасында Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының өкілдері бапкердің кәсібилігін бағалап, Канадада өзге боксшыларды жаттықтыруды ұсынған. 

Қазір Алтаев Жүкембаевты мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жекпе-жекке жаттықтырып жатыр, кездесу 16 наурыз Монреальда өтеді. Бұл жекпе-жек бокс кешінің басты оқиғаларының бірі ретінде жарияланды. 

Мұның алдында Жүкембаев осы жекпе-жектен кейін АҚШ-та жұдырықтаса бастауы мүмкін екені хабарланған. Боксшының менеджері Анна Рева биылдан қалмай америкалық нарыққа шығатын жоспарлары барын мәлімдеді. 

"Айуанмен айқасамын". Қазақстандық нокаутшы Жүкембаев келесі қарсыласы туралы


  0