Головкиннің телесеріктесі Уайлдерге 100 миллион және Энтони Джошуамен жұдырықтасуды ұсынып отыр

Екі боксшы да чемпион.

Ring TV, LA Times, Fox Sports басылымдарымен жұмыс істейтін инсайдер Майк Коппинджер DAZN онлайн-стримингінің басшысы Джон Скиппер аса ауыр салмақта WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдерге (40-0-1, 39 КО) құны 100 миллион доллар келісімшарт ұсынғанын айтады. Бұл туралы vRINGe.com хабарлап отыр.

Инсайдердің мәліметінше, боксшыға үш жекпе-жек өткізу бойынша келісімшарт ұсынылған, оның ішінде екеуі WBA (Super), IBF, WBO чемпионы британиялық Энтони Джошуамен (22-0, 21 КО)

Чемпионның менеджері Шелли Финкель "осындай соммадағы" ұсыныс болғанын растады. Коппинджер ақпаратынша, міндетті қарсылас Доминик Бризилмен (20-1, 18 КО) жекпе-жек үшін Уайлдер 20 миллион доллар табыс көреді, ал Джошуамен - әр кездесуге 40 миллионнан.


  0