Британиялық маман Елеусіновке қарсыластарының бәрін нокаутқа түсірудің қажеті жоғын айтты

Қазақстандыққа шырқау шегіне жету қажет.

Қазақстандық Данияр Елеусіновке (5-0, 3 КО) кәсіпқойда барлық қарсыласын нокаутқа түсіруге тырысудың қажеті жоқ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бокс әлемінің баританиялық маманы Ли Кормли осындай пікір білдірді. Сонымен бірге, ол қазақстандықтың келесі қарсыласына баға берді. 

15 наурызда АҚШ-тың Филадельфия қаласында Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) жұдырықтасады. Сегіз раундты жекпе-жек Қазақстанда тікелей көрсетіледі. 

"Боксшылар карьерасының басында мықтылармен жұдырықтаспайды деп сынайтындар көп. Бірақ мен Ортисті Елеусіновтің тәжірибесіне пайдасыз деп білмес едім. Сильвейроның жұдырықтасу тәжірибесі мол. Әлем чемпиондары - мексикалық Умберто Сота және аргентиналық Маркос Майданамен де кездесу өткзген. Бұл олардың карьерасының басы еді. Мұндай бай мұра Елеусіновті ынталандыра түсетін шығар. Ол үшін ең бастысы - кәсіпқой боксты үйрену. Уақыты жетерлік, сондықтан шырқау шегіне жету керек", - дейді Кормли.

Еске салайық, бастапқыда Елеусіновтің қарсыласы Карлос Хименес (14-9-1, 8 КО) болу керек еді. Алайда 22 ақпанда Eye of The Tiger промоутерлік компаниясы мексикалықтың 16 наурыз Монреальда Батыр Жүкембаевпен жұдырықтасатынын мәлімдеді. Кәсіпқой рингке Елеусінов 2018 жылдың наурызында ауысты. 


  0