"Головкин сыңары" нокаутқа түсірген. Ахмедовтың титулды жекпе-жегіндегі қарсыласы

"Қазақ сарбаззы" алматыда жұдырықтасады.

Қазақстандық кәсіпқой Садриддин Ахмедов WBC Asia белбеуі үшін Алматыда жұдырықтасады. 24 наурызда өтетін жекпе-жекте оның қарсыласы индонезиялық Джон Руба болалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы индонезиялық карьерасын 2013 жылы бастаған, лақап аты "Түлкі". Индонезия чемпионы атанған және WBC Asia белбеу мен осы ұйымның жастар чемпиондығы үшін жұдырықтасқан. Алайда екі рет те жеңілген. 

WBC жастар белбеуі үшін алғашқы орта салмақта Руба жапониялық Рисоки Марукимен кездесу өткізген. Он раундты жекпе-жек 2015 жылы Жапонияда өтіп, Маруки төрешілер шешімімен ұтты.



Келесі титулды жекпе-жегі 2017 жылы алғашқы орта салмақта WBC Asian Boxing Council Continental белбеуі үшін жұдырықтасып, филлипиндік Джофри Гарсияны жеңген. Осы жеңісі арқасында ол Қытайдағы қазақ Бейсенбі Насиоллаұлымен жұдырықтасуға мүмкіндік берді. Насиоллаұлы GGG-ге ұқсасығы келетінін айта кетейік. "Головкиннің сыңарымен" жекпе-жек Қытайда өтті. Сегізінші раундта Руба техникалық нокаутпен жеңілді. Бұл оның карьерасындағы нокаутпен есе жіберген алғашқы жекпе-жек. 

Қытай мен Жапониядан бөлек боксшы Индонезияда ғана жұдырықтасқан. Қазақстан боксшы келетін үшінші мемлекет.

Руба рингте жалпы 23 жекпе-жек өткізіп, 17 кездесуінде жеңген. Боксшының пассивінде бес жеңіліс бар. Ахмедовпен жекпе-жекке индонезиялық промо-ролик түсірген екен. 



  0