Қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаевтың жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Тікелей трансляцияда Сабыровтың кездесуі де бар.

"Хабар" арнасы қазақстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Нұрзат Сабыровтың (8-0, 7 КО) жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді.

Боксшылар Канададның Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жүкембаевтың қарсыласы мексикалық Карлос Хименес (14-9-1, 8 КО), ал Сабыров - аргентиналық Сезар Рейносомен (15-11-4, 7 КО) жекпе-жек өткізеді.

Жүкембаевтың жекпе-жегі он раундқа есептелген алғашқы орта салмақтағы бұл кездесу бокс кешінің басты оқиғаларының бірі ретінде тіркелген. Ал Сабыров екінші орта салмақта жұдырықтасады, ол сегіз раундты жекпе-жек өткізеді. 

Жүкембаев пен Сабыровтың жекпе-жектері Астана уақытымен 17 наурыз таңғысын өтеді. "Хабар" арнасындағы трансляция 08.00-де. 




  0