Геннадий Головкин ESPN-нің әлемнің ең әйгілі спортшылары рейтингіне кірді

Қазақстандық аңызға айналған Мэнни Пакьяодан жоғары тұр.

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ESPN телеарнасы құрған әлемнің ең танымал 100 спортшысы рейтінгіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы бұл тізімде 78-ші орынға жайғасқан екен. Бір жыл бұрын қазақстандық 61-ші орында болған. 

Рейтинг спортшылардың гонорары, жарнамадан түскен табысы, әлеуметтік желілердегі және Google іздеушісіндегі танымалдылығы негізінде жасалды. 

Рейтинг басында португалиялық футболшы Криштиану Роналду. Екінші америкалық баскетболшы Леброн Джеймс. Үшінші аргентиналық футболшы Лионель Месси тұр.

Сонымен бірге ТОП-10 рейтингіне кірген спортшылар:
4. Неймар (Бразилия, футбол),
5. Конор МакГрегор (Ирландия, ММА),
6. Роджер Федерер (Швейцария, теннис),
7. Вират Кохли (Үндістан, крикет),
8. Рафаэль Надаль (Испания, теннис),
9. Стефен Карри (АҚШ, баскетбол),
10. Тайгер Вудс (АҚШ, гольф).

Тізімде боксшылар арасында ең жоғары тұрған америкалық Деонтей Уайлдер - 34-ші орын. Оның британиялық қарсыласы Тайсон Фьюри 39-шы тұр. Ұлыбританиялық ауыр салмақтағы тағы бір боксшы Энтони Джошуа 63-ші.

68-ші орында қырүйекте Головкинді жеңіп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алған мексикалық Сауль Альварес орналасқан. Ал аңызға айналған филиппиндік Мэнни Пакьяо тек 83-ші орында.


  0