АҚШ промоутерлері қазақстандық нокаутшы Жүкембаевқа қызығушылық танытты

Ол карьерасындағы рекордты гонорарын алады.

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (14-0, 12 КО) мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жекпе-жегін АҚШ промоутерлері келіп тамашалайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәлімет көзінің ақпаратынша, Джүкембаев өзін мықты жағынан көрсете алған жағдайда АҚШ-та жұдырықтасу мүмкіндігін алады. Қазақстандықтың менеджері Анна Рева америкалық нарыққа биылдан қалмай шығу жоспары барын айтты. 

Мұның алдында Хименес өзге қазақстандық - Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) 15 наурыз Филадельфиядағы жекпе-жегіне қарсылас ретінде аталған. Алайда 22 ақпанда Eye of The Tiger промоутерлік компаниясы мексикалықтың 16 наурыз Монреальда Батыр Жүкембаевпен жұдырықтасатынын мәлімдеді. Бұл жекпе-жек бокс кешіндегі басты оқиғаның бірі болмақ.

Жүкембаев кәсіпқой рингте 2015 жылдың қыркүйегінен жұдырықтаса бастаған. Жекпе-жектерінің барлығы Канадада өтті. 6 қазандағы соңғы кездесуінде қазақстандық мексикалық Патрисио Мореноны (20-3, 14 КО) нокаутпен жеңген.

Жүкембаев тәжірибелі мексикалықпен жекпе-жек үшін рекордты гонорар алады


  0