Геннадий Головкин промоутер болмақ

GGG жас боксшыларды ілгерлету бойынша жоспарын айты.

Жуырда DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа отырған қазақстандық Геннадий Головкин өзінің GGG Promotions компаниясын дамыту туралы айтып берді.

Үш жылдық келісімшарт бойынша қазақстандық алты жекпе-жек өткізеді. Оның үстіне 2020 және 2021 жылдары Головкин GGG Promotions боксшылары үшін DAZN-де төрт бокс кешін ұйымдастыра алады.

- Жауапкершілік бар, өйткені мен DAZN-ге промоутерлік компаниямды әкеліп отырмын және өз жігіттеріме бокс әлемінде дамуға көмектескім келеді. 

- Жас боксшыларды дамыту бұрыннан жоспарыңызда болды ма?
- Мұндай ой әрдайым болды. Соңғы жекпе-жектерден кейін тәжірибеміз мол екенін түсініп, басқа жігіттермен білгенімізді бөліскіміз келді.

- Қазір, чемпион болып көргеннен кейін, өзіңіз кезінде білмеген дүнеиелерді жас боксшыларға үйреткіңіз келе ма?
- Бокстың дәл қазіргі жағдайына қатысты тәжірибе мол. Мен өткен мен болашақ туралы айтқым келмейді. Қазір не бар - бізде бар ақпаратпен бөлісіп, кеңес береміз. Мұндай білімге құштар жігіттерді күтемін, үйретуге қуанышты боламын. Жарамды ұсынысы бар жігіттерді қарастырамыз, тек, күлкініштілері керек емес. Шынымен жұдырықтасуға ынтасы барлар келсін, үздік боксшыларды айтамын.


  0