"Айуанмен айқасамын". Қазақстандық нокаутшы Жүкембаев келесі қарсыласы туралы

Жекпе-жек 16 наурызда.

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында келесі қарсыласы - мексикалық Карлос Хименеске (14-9-1, 8 КО) бағасын берді.

"Әлбетте, Хименес - карьерамдағы ең мықты қарсыластардың бірі. Ол Матье Жерменмен жақсы жұдырықтасты. Жекпе-жектің соңына дейін айқасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңілді. Жермен Канададаның қазіргі таңдағы болашағынан үміт зор және ең талантты боксшыларының бірі. Мұның бәрі алдағы жекпе-жегімнің ауыр боларын білдіреді. 

Жеңіс үшін барымды салып жаттықтым. Нью-Йоркте бірнеше спарринг өткіздім және Канададағы лагерьде жаттығуымды жалғасытырып жатырмын. Мақсатым - чемпиондық үлкен жекпе-жектер. Мен дайынмын!

Хименес - ақылды әрі соққысы күшті және техникасы жақсы боксшы. Бапкеріммен бірге бұл жекпе-жекке жоспар даярладық. Тәжірибесі мол айуанға қарсы шығамын, бұл мені қыздыра түседі. Өз стилімді тамашалатып, жанкүйерлерді қуантқым келеді", - дейді Жүкембаев. 


  0