21 жастағы қазақстандық Алматыда WBC белбеуі үшін жұдырықтасады

Бокс кеші наурызға жоспарланған.

Алғашқы орта салмақта WBC "жастар" чемпионы қазақстандық Садриддин Ахмедов Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы боксшының өзі Instagram желісі арқылы құлақтандарды. Ахмедовтың хабарлауынша, 24 наурызда ол алматыда жұдырықтасады. "Алматы Аренада" өтетін жекпе-жекте WBC Asia белбеуі сарапқа саныады, қарсылас әзірге белгісіз. 




Еске салайық, 27 қаңтарда Монреальда өткен бокс кешінде Ахмедов төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутпен жеңіп, бос тұрған WBC "жастар" белбеуін иеленді.

WBC белбеуін нокаутпен жеңіп алған "Қазақ сарбазы" әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді



  0