Елеусіновпен жұдырықтасудан бас тартқан мексикалықтың неге Жүкембаевты таңдағаны белгілі болды

Қазақстандық екі боксшы бір қарсылас таңдаған.

Мексикалық Карлос Хименестің (14-9-1, 8 КО) АҚШ-та Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) орнына өзге қазақстандық - Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) жұдырықтасуды таңдаған себебі белгілі болды, - деп хабарлайы Vesti.kz.

Бұл жағдайға жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Хименесте визалық қиындықтар болған. Ол Елеусіновпен жұдырықтасу үшін АҚШ-қа кіруге виза ала алмаған. Осыдан кейін Eye of the Tiger Management оған Канадада Жүкембаевпен жұдырықтасуды ұсынған. 

Мұның алдында Хименес ресми түрде Елеусіновтің 15 наурыздағы жекпе-жегіне қарсылас ретінде аталған. Бокс кеші Американың Филадельфия қаласында өтеді. Алайда 22 ақпанда Eye of The Tiger промоутерлік компаниясы мексикалықтың 16 наурызда Канададның Квебек қаласында Батыр Жүкембаевпен жұдырықтасатынын хабарлады. 

Айта кетейік, былтыр қазанда Хименес Жүкембаевтың бір клубтағы - канадалық Матье Жерменмен(16-0-1, 8 КО) IBF ұйымының аймақтық титулы үшін жұдырықтасқан. Жекпе-жекте Жүкембаевпен жұдырықтасудан бас тартқан канадалық жеңіске жетті.

Ал Елеусінов 15 наурызға басқа қарсылас тапты - мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО).


  0