Елеусіновтің 37 жеңісі бар тіс қаққан мексикалықпен жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Кездесу екі аптадан кейін болады.

Қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) келесі жекпе-жегін "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайы Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтеді. Трансляция Астана уақытымен 16 наурыз таңғысын шамамен сағат 06:00 мен 08:00 аралығында. 

Бокс кешін ұйымдастырушы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Елеусіновтің қарсыласы кәсіпқой рингте 60 жекпе-жек өткізген 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО).


  0