Елеусіновпен жекпе-жектен айнып қалған мексикалық Жүкембаевпен жұдырықтасады

Ол Канадада жұдырықтасып көрген.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі болды. Бұған дейін мексикалық Карлос Хименес Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен жұдырықтасатыны айтылған еді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл ақпарат Жүкембаевтың ісін жүргізетін Eye Of The Tiger Promotion промоутерлік компаниясының Instagram парақшасында пайда болды.

"Батыр Жүкембаев BoxRec рейтингі бойынша 140 фунттағы боксшылардың топ тізіміне кіретін Карлос Хименеспен жұдырықтасады. Біз оның Квебекте Матье Жерменге қарсылық танытқанын көргенбіз. Өткізіп алмаңыздар, тек қана PunchingGrace.com сайтынан тамашалай аласыздар", - делінген хабарламада. 



Айта кетейік, Жүкембаевтың жекпе-жегі 16 наурыз Квебекте өтеді деп жоспарланған, ал Елеусінов мұның алдындағы ақпарат бойынша Хименеспен Филадельфиядағы Liacouras Center аренасында одан бір күн бұрын жұдырықтасу керек болатын. 

Еске салайық, 29 жастағы Хименес Канадада бір рет қана - Матье Жерменмен жұдырықтасқан, ал АҚШ-та жекпе-жек өткізіп көрмеген. 


  0