Қазақстандық Олимпиада чемпионының ағасы кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегін Мексикада өткізбек

Боксшының алты нокауты бар.

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (7-0-1, 6 КО) 22 ақпанда кәсіпқой рингке оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

32 жастағы боксшының келесі жекпе-жегін оның інісі Данияр Елеусінов құлағдандырды. Қазақстандықтың жұдырықтасатын орны мен қарсыласы айтылмады. Алайда афишаға қарағанда жекпе-жек Мексикада өтетінге ұқсайды. 

Дәурен Елеусінов 2014 жылдың желтоқсанынан кәсіпқой бокста. 2016 жылдың маусымы мен 2018 жылдың сәуірі аралығы боксшыда үзіліс болды, осыдан кейін ол мамырдағы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді. 



  0