"Жаңа деңгейге шыға алады". Америкалық маман АҚШ-та болашағы зор қазақстандықтарды атады

Олардың жекпе-жектері әрдайым қызықты екен.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері америкалықтарды қызықтырады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында FightNights.com журналисті Райан О`Хара осындай пікір білдірді. Ол Головкиннің ізімен жүре алатын болашағынан үміт зор спортшыларды атады.

"Қазақстандық боксшылардың жаңа буынынан бірнеше жігітті атауға болады. Әлбетте, Данияр Елеусінов, Жанібек Әлімханұлы, Садриддин Ахмедов жән Бахтияр Эюбов. Олардың жекпе-жектері кқрерменге әрдайым қызықты және олар жаңа деңгейге көтеріле алады.

Али Ахмедовты ерекше атап өткім келеді. Салмақты, қарапайым, брақ, қаһарлы панчер. Головкинге көбірек ұқсайды. Бұл - болашақ чемпион", - дейді О`Хара.

Қазіргі таңда 23 жастағы Али Ахмедов жартылай ауыр салмақта WBC белбеуіне ие және негізін Головкин қалаан GGG Promotions компаниясында. Ахмедов WBC рейтингінде он бесінші.

2018 жылдың қазанында АҚШ-тың Коста-Месе қаласында Ахмедов WBC жастар чемпионы булбеуі үшін мексикалық Джовани Хавьер Гоместі бірінші рундта нокаутқа түсірген.


  0