Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

Ол Головкиннің бұрынғы қарсыласымен бір кеште жұдырықтасады.

Қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі өтетін орын анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com сайтының ақпаратынша, 15 наурызда қазақстандық боксшы АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Liacouras Center аренасында жұдырықтасады. Олимпиада чемпионының қарсыласы әзірге аталған жоқ. 

Елеусінов жұдырықтасатын бокс кешінде қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық Габриэль Росадо және Олимпиада чемпионы болған ирландиялық боксшы қыз Кэти Тэйлордің де жекпе-жектері өтеді. 

Елеусіновтің жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген. Қазақстандық соңғы рет былтыр қарашада Монакода жұдырықтасып, үшінші раундта никарагуалық Маркос Мохиконы техникалық нокаутпен жеңген. 

Данияр Елеусіновтің 2019 жылы өткізетін алғашқы жекпе-жегінің мән-жайы айтылды


  0