Пакьяоның 18 жастағы ұлы алғашқы жекпе-жегін өткізді

Ол кәсіпқой бокспен айналысу туралы нақты шешім қабылдамады.

Аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяоның (61-7-2, 39 КО) Эммануэль атты 18 жастағы ұлы бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды XSport.ua.

Лукас Карсонмен жолдастық жекпе-жекте қарсыластардың достары мен отбасы келді. Екі раундты кездесу тең аяқталды.

Пакьяоның үлкен ұлы бұл жекпе-жекке Лос-Анджелестегі Фредди Роучтің залында жаттықты. Дегенмен ол әзірге бұл спортпен кәсіби түрде айналысу туралы шешімге келген жоқ. 

2000 жылы отбасын құрған Пакьяо мен жұбайы Джинкидің үш ұлы мен екі қызы бар.




  0