Қазақстан құрамасының бес боксшысы жартылай финалда

Жарыс тоғыз салмақта өтіп жатыр.

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскай атындағы халықаралық турнир өтуде. Бұл жарыста қазақстандық боксшылар да бақ сынауда, - деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі. 

Ширек финалдық жекпе-жектер аяқталып, жартылай финалға шыққандар анықталып үлгерді. Қазақстандық 5 боксшы финал үшін жұдырықтасады. Атап айтар болсақ, Сәкен Бибосынов (52 кг), Оразбек Асылқұлов (56 кг), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг), Серік Теміржанов (60 кг) және Сабыржан Бекбергенов (64 кг) 1/2 финалға шықты.

Өкінішке қарай, Ермахан Жақпеков (69 кг) пен Михаил Коханчик (81 кг) ширек финалда қарсыластарына есе жіберіп алды. Ал бір күн бұрын Нұрлан Сапарбай (91 кг) хорват Марко Милуннан жеңіліп, жарысты ерте аяқтаған болатын.

Иштван Боскай атындағы халықаралық турнир дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қазақ боксшылары да бұл турнирде жыл сайын бақ сынайды. Өткен жылы 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте бірінші орын алған.

Тег:



  0