WBA "Канелоға" чемпиондық белбеуден бас тартпауға рұқсат берді

Мексикалық бұл салмақта жұдырықтаспайды.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (51-2-1, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super) және екінші орта салмақта WBA (Regular) белбеуін ұстап қалуға рұқсат берді. Бұл туралы ұйым комитетінің шешімімне сілтеме жасап, BoxingScene хабарлады. 

"Канело" Альварес супер орта дивизиондағы WBA белбеуінен бас тартты

2018 жылы қыркүйекте Альварес төрешілер шешімімен қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) қарымтада жеңіп, орта салмақта WBA (Super) және WBC белбеулерін тартып алған. Ал желтоқсанда мексикалық жаңа дивизионға өтіп, үш раундта британиялық Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) нокаутқа түсіріп, WBA (Regular) белбеуін иеленді. 

Альваресті екінші орта салмақтағы WBA белбеуінен бас тартуға мәжбүрлемеу шешімі Флойд Мейвезердің (50-0, 27 КО) мысалымен түсіндірілді. Америкалық көптеген жылы жартылай орта салмақтағы WBA белбеуін иеленіп жүрді, кейін WBC белбеуімен де солай болды. Екі ұйым да Мейвезер алғашқы орта дивизионда жұдырықтаспаса да, 2015 жылы карьерасын аяқтағанға дейін белбеулерін иемденуге рұқсат берді. 




  0