Елеусіновке Ковалев пен Әлімханұлының бапкеріне ауысуды ұсынды

Олимпиада чемпионына мықты бапкер қажет.

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке жақсы бапкер қажет. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com сайтының редакторы Джек МакКаферри осындай пікірі айтты. Елеусіновке оның жерлесі Жәнібек Әлімханұлын (5-0, 2 КО) жаттықтыратын Бадди МакГиртке назар аударуға кеңес берілді. 

"Бадди МакГрит - тамаша бапкер. Ол жаттықтыратын боксшысын жаңа деңгейге көтере алады. Жәнібек Әлімханұлы мен Сергей Ковалевті жаттықтырғаны ұнады. Меніңше, ол қазіргі таңдағы ең мықты мамандардың бірі.

Қазақстандық жас боксшылардың басты жұлдызы - Данияр Елеусіновке де оның көмегіне жүгіну керек. Бұл жігітке жақсы тәлімгер қажет, сонда ол жанкүйерлер үмітін ақтай алады", - дейді МакКаферри.

Айта кетейік, Әлімханұлы АҚШ-тағы екі жекпе-жегін МакГритпен жаттыққан сәтте өткізді, ал қыркүйекте америкалық маман ресейлік Сергей Ковалевті жаттықтыра бастады. Осы арқылы Ковалев қарымтада Элейдер Альваресті жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін иеленді. 

Ал Елеусіновті америкалық Джон Дэвид Джексон жаттықтырады, бұрындары ол Ковалев және атақты Бернард Хопкинспен жұмыс істеген. 

Мұның алдында Елеусінов бапкерімен кейде түсініспей қалатынын мәлімдеген. Дегенмен осы маманмен жаттыққан Олимпиада чемпионы кәсіпқойдағы барлық бес жекпе-жегінде жеңіске жетті. 


  0