Жеңіліп көрмеген Жүкембаев пен Сабыровтың келесі жекпе-жектері белгіленді

Қазақстандық нокаутшылар бір бокс кешінде жұдырықтасады.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқойлар Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) 16 наурыз Монреальда өтетін бокс кешіне қатысады. Бұл туралы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы мәлімдеді. 

Бұл кештің басты оқиғасы алғашқы ауыр салмақтағы канадалық Саймон Кин (15-1, 14 КО) және аргентиналық Роджелио Росси (20-7-1, 13 КО) арасындағы жекпе-жек болады.

27 жастағы Жүкембаевтың жекпе-жегі басты оқиғаның бірі ретінде жарияланды. Алғашқы жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын қазақстандықтың қарсыласы кейін аталады. 

25 жастағы Сабыров андеркартта екінші орта салмақ аясында 32 жастағы аргентиналық Сезар Рейносомен (15-11-4, 7 КО) жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Жүкембаев пен Сабыров та Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартта. Боксшылар барлық жекпе-жектерін Канадада өткізген. 


  0