"Ақша үшін ғана жүрмін". Ковалев чемпион болғаннан кейінгі жоспарлары жайлы

Боксшы қарымтада Альваресті жеңді.

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) колумбиялық Элейдер Альвареспен (24-1, 12 КО) қарымтадан кейінгі жоспарларын айтты, - деп хабарлайды Sports.ru.

"Шаршадым, бірақ, ризамын. Жекпе-жек жоспарын ұстандым. Нокаутқа түсіру мақсаты болған жоқ. Альварес алдында міндеттер жоқ, ешқандай қарымта болмайды. Ал егер бокс әлеміне қызық болса, үшінші рет жұдырықтасармыз.

Бәрі қаржылық жағына байланысты. Қазір бала емеспін және қажеттіліктер көлемі артты - отбасы бар дегендей. Бұл спортта тек ақша үшін ғанамын. Белбеулерге құлшыныс жоқ.

Әрине мақсаттар бар, белбеулерді біріктіруге болады, алайда, артынан қумаймын. Бастысы қазір чемпионмын. Келесі қарсылас кім болатынын білмеймін, бірақ, аштықтан басқа бәріне дайынмын", - дейді Ковалев. 

"Көмегі үшін болашақ әлем чемпионына рахмет". Нұрсұлтанов Ковалевпен спарринг өткізді

Айта кетейік, Ковалевтің ісін Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас жүргізеді. Сонымен қатар, қазақстандықтар Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев те осы компания және менеджермен келісімшартта. 


  0