"Жалдамалы баскесерді" нокаутпен жеңген Әлімханұлы әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді

Қазақстандық бесінші раундта жеңіске жетті.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) АҚШ-тағы нокаутпен жеңістен кейін орта дивизион рейтингінде 66 саты жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы қазақстандық Фриско қаласындағы The Ford Center at The Star аренасында The Hitman ("жалдамалы баскесер") лақап атты америкалық Стивен Мартинесті (18-5, 13 КО) жеңген еді.

Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек бесінші раундта америкалықтың командасы жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін тоқтатылды. Осылайша, қазақстандық АҚШ-та алғаш рет техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр. Сонымен бірге, америкалық боксшы үшінші раундта нокдаунға түскенін де айта кетейік.

Жәнібек Әлімханұлы америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

Бұл жетістік Әлімханұлына BoxRec сайтының топ-100 рейтингіне кіруге мүмкіндік берді. Қазақстандық бұл тізімде 84-ші, ал көшбасшы мексикалық Сауль "Канело" Альварес, одан кейін қазақстандық Геннадий Головкин.

"Чемпион құттықтауы". Әлімханұлы АҚШ-тағы жеңісінен кейін Андре Уордпен кездесті


  0