Жәнібек Әлімханұлының "жалдамалы баскесермен" жекпе-жегіне букмекерлер болжам жасады

Бұл боксшының кәсіпқой рингте бесінші жұдырықтасуы.

2 ақпанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) карьерасындағы бесінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Фриско қаласында өтетін бокс кешінде қазақстандық 28 жастағы америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 3 КО) жұдырықтасады. Бұл Әлімханұлының Америкадағы үшінші жекпе-жегі. 

"Жалдамалы баскесер" лақап атты америкалық пен қазақстандық боксшының жекпе-жегі Астана уақытымен 3 ақпан таңғысын тікелей трансляцияланады

"Олимп" букмекерлік компаниясы осы жекпе-жекке келесідей тігіс ұсынып отыр: қазақстандықтың жеңісіне 1.33 коэффициент, тең жекпе-жекке - 26, ал америкалықтың жеңісіне - 3.6. 

Әлімханұлы бұл жекпе-жекке дайындық барысында Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы қарсыласы - америкалық Доминик Уэйдпен (18-1, 12 КО) спарринг өткізді. Головкиннен жеңілген соң Уэйд үш жыл рингке шықпаған болатын. 

Әлімханұлы Құрама Штаттарда алғаш рет 28 қыркүйекте жұдырықтасып, төрешілер шешімімен колумбиялық Карлос Галвананы, ал қарашада америкалық Вон Александерді жеңген.


  0