Әлімханұлының "Жалдамалы баскесермен" АҚШ-тағы жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Кезедсу 3 ақпанда өтеді.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы The Hitman ("Жалдамалы баскесер") лақап атты Стивен Мартинес (18-4, 13 КО). Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек 2 ақпана АҚШ-тың Фриско қаласында өтеді. 

Тікелей көрсетілім Астана уақытымен 3 ақпан таңғысын 07:30 басталады. Бұл жекпе-жекті бірден екі арна трансляциялайды - QazSport және Qazaqstan.

Әлімханұлы үшін алдағы жекпе-жек АҚШ-тағы үшіншісі болады. Құрама Штаттарында қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегін 28 қыркүйекте өткізіп, төрешілер шешімімен колумбиялық Карлос Галванды (16-8-1, 15 КО) жеңді. Қарашада Әлімханұлы америкалық Вон Александермен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. 


  0