WBC белбеуін нокаутпен жеңіп алған "Қазақ сарбазы" әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді

Ол қарсыласын 103 саты құлдилатты.

20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) титулды жекпе-жектегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте біршама жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық алғашқы орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды. 

Бұл жекпе-жектен кейін Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 саты жоғарлаған, 201-ден 85-ші орынға. Ал қарсыласы бірден 103 саты құлдилады - жекпе-жек алдында Хуарес 103-ші орында болған, қазір 206-шы.

BoxRec рейтингінде алғашқы орта салмақта әлем бойынша 1850 боксшы бар, тізім басында WBO чемпионы Хайме Мунгуйя (32-0, 26 КО). Қазақстандықтар арасында Ахмедов екінші келеді - алдында тек 26 жастағы Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО). Желтоқсанда ол WBC Asia белбеуін жеңіп алып, 80-ші орынға көтерілген. 

"Болашақ чемпион, әлі де шулатады". Канадалық сарапшы нокаутшы Ахмедовке таңданды

20 жастағы боксшы Sadriddin "Soldier of Q" Akhmedov немесе Садриддин "Солдат Q" Ахмедов лақап атын иеленген болатын. Қазақстандық әр жеңіс сайын қолын самайына апарады - сарбаздардың қимылы. 




  0