Данияр Елеусіновтің 2019 жылы өткізетін алғашқы жекпе-жегінің мән-жайы айтылды

ОБокс кеші наурызда өтеді.

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің 2019 жылы өткізетін алғашқы жекпе-жегі карьерасындағы екінші сегіз раундты кездесу болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жекпе-жек сегіз раундты болатынға ұқсайды. Қазір бұл талқыланып жатыр", - дейді 27 жастағы кәсіпқойдың менеджері Зия Алиев. 

Елеусінов кәсіпқой рингтегі сегіз раундты жекпе-жегін алғаш былтыр қарашада өткізген: үшінші раундта отандасымыз никарагуалық Маркос Мохиконы техникалық нокаутпен жеңді. 

Елеусінов 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

Елеусінов карьерасындағы екінші мұндай жекпе-жек 15 наурыз Филадельфиядағы бокс кешінде өткізуі мүмкін. 

Бұл кештің басты оқиғасы ирландиялық Кэти Тэйлордың жекпе-жегі болады. 32 жастағы боксшы қыз кәсіпқой рингте 12 жеңіске жеткен, ал титулды кездесуде бразилиялық Роус Волантемен (14-0, 8 КО) жұдырықтасады.


  0